Ақтөбеде 52 Өзбекстан азаматының автобуста өртеніп кетуі бойынша сот процесі басталды

Күні: 18:50, 03-09-2018.

Ақтөбе. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Ақтөбеде 52 Өзбекстан азаматының  автобуста өртеніп кетуі бойынша сот процесі басталды; қылмыстық іс Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қарастырылып жатыр, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.    
Судья Серік Махамбетов процесс мемлекеттік тілде өтетінін айтты, бірақ оған жәбірленуші тарап өкілдері қазақ тілін білмеу салдарынан қазақшадан өзбек тіліне аударатын аудармашы ұсыну туралы ұсыныс енгізген.
Атап өтелік,  басты сот отырысына Өзбекстаннан қаза тапқандардың 11 тумасы келген.    
Сотталушы орындығында  бес ер адам бар. Үш жүргізушіге екі немесе одан көп адамның өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу айыбы тағылуда. «Азия транзит сервис» көлік компаниясының  құрылтайшысы және механигіне бұзылған көлік құралын жалған құжатпен пайдалану айыбы тағылуда.  
Оңтүстік Қазақстаннан Казаньға бара жатқан жолаушылар автобусы 18 қаңтарда Ырғыз ауданындағы тас жолда өртенді. 52 өзбекстандық тірілей жанып кетсе, тағы бесеуі аман қалған.  
Өрттің шығуына өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп болған.  


Жаңалықтармен бөлісу: