Ақтөбеде адам өлімі орын алған оқушылар арасындағы төбелестен кейін тексеру басталды

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – Ақтөбеде адам өлімі орын алған оқушылар арасындағы төбелестен кейін тексеру басталды, деп хабарлады «Диапазон».
«Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру жүріп жатыр», - деп хабарлады сейсенбіде Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, 10 қарашада Заречный-3 ауылында жасөспірімдер арасында төбелес болған. Төбелес салдарынан біреуі көз жұмып, екеуі пышақ жарақатын алған.

adimage