Ақтөбеде адам өлімі үшін кәмелетке толмаған жасөспірім тоғыз жылға сотталды

Ақтөбе. 1 қазан. ҚазТАГ – Ақтөбеде адам өлімі үшін кәмелетке толмаған жасөспірім тоғыз жылға сотталды, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Сотталушы С. ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі 14 тармағы (адам өлімі, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, көрінеу кәмелетке толмаған адамды) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленсін», - деді үкімді оқыған Ақтөбе облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Алтынбек Сабыр.
Ол айта кеткендей, жазаны тағайындау барысында сот қылмыскердің жазасын жеңілдететін жайттарды ескерген - «оның кәмелетке толмағандығы, кінәсін ішінара мойындауы, жасағанына өкініш білдіруі, жақсы мінездеме, соттылығының жоқтығы».
«Сотталушының заңды өкілінен зардап шегушінің пайдасына материалдық залал ретінде 1 618 030 теңге, моральдық зиян ретінде 3 000 000 теңге өндірілсін», - деді Сабыров.
Адам өлімі 26 қаңтарда Шалқарда Ақтан көшесінде орын алған. Кәмелетке толмаған қылмыскер марқұмның денесін асхана пышағымен жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен.

adimage