Ақтөбеде адам өлтіруге оқталу күдігі бойынша тоғыз адам ұсталды

Күні: 10:11, 25-12-2018.

Ақтөбе. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақтөбеде адам өлтіруге оқталу күдігі бойынша тоғыз адам ұсталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«24 желтоқсанға қараған түні Ақтөбеде 12 ықшамауданның №60 үйі маңында белгісіз біреулер Ақтөбе тұрғынына көптеген дене жарақатын келтірген, соның ішінде түйрелген, тілінген жарақаттар да бар. Зардап шегуші Ақтөбеде жедел медициналық ауруханасына жеткізілді. Аталмыш қылмысты жасаған деген күдікпен тоғыз адам ұсталды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Саркулов сейсенбіде.
ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жаңалықтармен бөлісу: