Ақтөбе. 16 шілде. ҚазТАГ - Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көліктің соқтығысуынан болған ЖКО-да бір адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Б.Момышұлы көшесімен «Нұр-Сити» 4 ықшамауданына қарай жүріп келе жатқан автобус жүргізушісі бұрылыста «ВАЗ-2110» көлігіне соққан. Ол соққыдан бағытын өзгертіп, КIA Rio көлігіне соққан. ЖКО салдарынан автобус салонындағы жолаушы автобус ішінде құлап, теміржол ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады сейсенбіде Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Саркулов.
Ол ЖКО-ның Ақтөбеде 15 шілдеде болғанын нақтылай кетті.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32