Ақтөбеде «Аяла» балаларды сауықтыру орталығы өртенді

Күні: 18:19, 03-05-2019.

Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Ақтөбеде «Аяла» балаларды сауықтыру орталығы өртенді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«3 мамырда сағат 12.42-де Ақтөбедегі «101» тетігіне Әуежай қалашығы ауданындағы «Аяла» өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығы» ҚМБ ғимаратының 2 қабатының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Екінші қабаттағы бөлмелердің бірінде жиһаз, матрас өртеніп, ол дәліздің 28 ш.м. алаңына тараған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 23 адам өз беттерімен шыққан, соның ішінде 8-і бала. Өрт сағат 13.08-де ауыздықталып, 13.16-да сөндірілген», - деді Нұрахметов жұма күні.
Ол атап өткендей, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Өрт себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамдағы 56 адамы мен 11 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: