Ақтөбеде банк күзетшісі букмекерлік кеңсені тонады деген күдікке ілінді

Күні: 18:41, 24-01-2019.

Ақтөбе. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбеде банк күзетшісі букмекерлік кеңсені тонады деген күдікке ілінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«23 қаңтарда сағат 8:00 шамасында Шернияз көшесінде орналасқан букмекерлік кеңсеге тапаншаға ұқсас затпен кірген белгісіз адам кассадағы 129 мың теңгені алып кеткен. Құқық қорғаушылар шұғыл оқиға орнына барып, букмекерлік кеңсе жанында орналасқан банктердің бірінің күзетшісін ұстады. Одан ақша мен ойыншық тапанша тәркіленді», - деп хабарлады бейсенбіде Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК 191 бабымен (тонау) іс қозғалды.
«Күдікті уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды», - деді полицейлер.


Жаңалықтармен бөлісу: