Ақтөбе. 1 қазан. ҚазТАГ – Ақтөбеде бес жасар қызды зорламақ болған 74-тегі зейнеткерді кінәлі деп таныды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР ҚК 124 бабы 1 бөлімі (жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша 74 жастағы М. Таджияков айыпты деп танылып, оны алдағы 10 жылда педагогика саласында еңбек ету құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын»,- делінген судья Қуаныш Мұратовтың сейсенбідегі үкімінде.
Іс сотта жабық есік режимінде қаралды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, маусым айының басында ғаламторда «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында №30 басқарушы компаниясы қызметкерінің кішкентай бүлдіршінге тиіспек болған күдіктіні ұстаған бейнетаспа тарап кетті. Куәгерлер ересек адамның бес жасар қыз балаға кәмпит ұсынып, оған тиісе бастағанын көрген.
Ақтөбе облысы кәмелетке жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өндірісінде Таджияқовқа қатысты қылмыстық іс тамыз айының басында келіп түскен.
Ақтөбеде бес жасар қызды зорламақ болған 74-тегі зейнеткерді кінәлі деп таныды
