Ақтөбеде бопсалағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Ақтөбе. 29 наурыз. ҚазТАГ - Ақтөбеде бопсалағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Ақтөбе облысының қылмыстық полиция қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 32 жасар ер адамды ұстады. Ол тұрақты қылмыстық топтың мүшесі, бұған дейін ұрлық, қарақшылық және бұзақылық жасағаны үшін үш рет сотталған. Күдікті 2018 жылдан бері бопсалағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген. Қорқыту және күш көрсету арқылы ол сыбайластарымен бірге аса ірі көлемде жеке кәсіпкерлерден Т43,5 млн сома ақшалай қаражатты қолды алған», - деп хабарлады жұма күні облыстық ПД-нен.
Сондай-ақ, департаментте атап өткендей, тергеу изоляторында отырған сыбайластарын айыптау бойынша қылмыстық іс ағымдағы жылдың ақпан айында сотқа жолданған.

adimage