Ақтөбеде екі жасар бала сегізінші қабаттан құлап мерт болды

Күні: 18:16, 01-07-2019.

Ақтөбе. 1 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбеде сегіз жасар бала сегізінші қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«30 маусымда шамамен 14.23-те 12 ықшам аудандағы көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан екі жасар бала құлап кеткен. Бүлдіршін оқиға орнында мерт болды», - деп хабарлады дүйсенбіде Ақтөбе облысы ПД-нен.
Полиция «ата-аналарға балаларға сақ болуды ескертуде».


Жаңалықтармен бөлісу: