Ақтөбеде Елек өзенінің хроммен ластануын зерттеуге T86 млн-нан астам қаражат жұмсалмақ

   Ақтөбе. 17 мамыр. ҚазТАГ-Ақтөбедегі алты валентті хроммен Елек өзенінің жерасты суларының ластану ошағын зерттеуге T86 млн-нан астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
   "Тапсырыс беруші -"Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "ММ; атауы-қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары; қосымша сипаттамасы – Елек өзенінің жерасты суларының алты валентті хроммен ластану ошағының жай-күйі бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу (зерделеу – ҚазТАГ); жоспарлы сомасы-T86, 2 млн", - деп мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды және 25 мамырда аяқталады.
Техникалық ерекшелікте гидрогеологиялық зерттеулер, бақылау ұңғымаларының мониторингтік желісін қалпына келтіру, алты валентті хроммен ластанудан жерасты суларын тазарту әдістерін әзірлеу және негіздеу жүргізілетіні көрсетілген. Жұмыстар Ақтөбенің Солтүстік өндірістік аймағының Елек полигонының учаскесінде жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Гидрогеология, экология, химия, биология салаларында ғылыми дәрежесі бар шетелдік мамандар тартылатыны атап өтілді.

adimage