Ақтөбеде гимназияның 20 оқушысының улану себебі анықталды

Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ - Ақтөбеде гимназияның 20 оқушысының улану себебі анықталды, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«Іріктелген 30 шайындының алтауынан ішек таяқшасы және екеуінен алтынды стафилококк анықталған. Асхананың сегіз қызметкерінің екеуінен алтынды стафилококк табылған, инфекцияның таралуына да солар негіз болған», - деп түсіндірді жағдайды қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Даулетова.
Белгілі болғандай, алтынды стафилококк асхананы жалға алушы мен аспаздан табылған.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, осы жағдай улану көзі болып табылған.
Сонымен қатар, тауық еті қосылған үй сорпасы мен құстың шикі етінде ішек таяқшасы табылған
«Енді санитарлық дәрігерлер асхананы жалға алушыны сотқа берді. Сондай-ақ олар рұқсат құжатынсыз кәсіпкерге жұмыс жасауға рұқсат бергені үшін мектеп директорын да жауапқа тартуды талап етпек», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 22 сәуірде Ақтөбеде асханадан тамақ ішкеннен кейін 20 оқушының уланып қалғаны белгілі болған еді. Ауырып қалғандардың барлығы асханадан тамақ ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезіндерін айтқан. Ал 30 сәуірде асханадан көптеген бұзушылықтардың табылғаны белгілі болды.

adimage