Ақтөбеде колония бастығы мен оның қарамағындағы қызметкер 4 жылға сотталды

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында Ақтөбенің №2 сотында 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталған Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің КА-168/4 мекемесінің бұрынғы бастығы С.Б.Кабылов пен оның қарамағындағы жедел–іздестіру бөлімінің бастығы А.Б.Назаров 4 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады облыстық сот  баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің хабарында айтылғандай, алдын – ала тергеуде белгілі болғандай, мекеме бастығы мен бөлім бастығы 2014 жылғы 13 мамырда сотталғаннан 370 мың теңге көлемінде пара алу кезінде қаржы полициясының қызметкерлері тарапынан ұсталған болатын.
Істі қарау барысында сотталушылардың қылмыстық әрекеттерін сот ҚР ҚК-нің 311 бабы 4 бөлімі «б» тармағынан 2 бөліміне қайта дәрежеледі.
Сот іс бойынша дәлелдемелерді зерделей келе, тараптардың маңызды тұжырымдарын тыңдап, С.Б.Кабылов пен А.Б.Назаровты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танып, оларды мүліктерін тәркілей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан 4 жыл мерзімге айыру жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуге соттады.
Алдын-ала тергеуде қылмыстық іс жүргізу нормаларының бұзылуы жөнінде Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің, қаржы полициясының, Ақтөбе облысының прокуроры атына сот жеке қаулы шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

adimage