Ақтөбеде мәслихат депутаты Lexus көлігін мас күйде жүргізіп ұсталды

    Ақтөбе.21 қыркүйек.ҚазТАГ- депутат Сәния Мұратова «Lexus» автокөлігін мас күйде жүргізіп ұсталды, деп хабарлайды «Диапазон».
   «Бәйішев көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 53 жастағы әйелдің басқаруындағы «Lexus» автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғаны байқалды. Жүргізілген сараптама нәтижесі оның мас екенін көрсетті. Депутатқа қатысты іс сотқа түсті»,- деп хабарлайды полиция департаменті.
   Көлік тізгінінде Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова екені анықталды.
   Оны 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыруы мүмкін.
Мұратова ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты және «Life Style» – фитнес-центрінің директоры. Оның екі баласы, бес немересі бары жазылған.
   «Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сания Мұратова мандатынан бас тарту үшін сайлау комиссиясына арыз түсірді. Сот шешімімен мандатынан айырылса да қалалық мәслихатқа ұсыныс жіберіледі. Шешімді қалалық мәслихат қабылдайды»,- деді қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанова.

adimage