Ақтөбеде машинамен үш адам, соның ішінде бір бала суға батып кетті

Күні: 16:29, 27-06-2019.

Ақтөбе. 27 маусым. ҚазТАГ - Ақтөбеде машинамен үш адам, соның ішінде бір бала суға батып кетті, деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
«27 маусымда сағат 05.48-де Ақтөбе су қоймасында – дамба маңында KIA Rio маркалы көліктің суға батып кеткендігі туралы хабар келіп түсті. Машина салонында үш адам болған. Қазіргі таңда 1973 ж.т. ер адам мен 2016 ж.т. баланың денесі табылған. Үшінші адамның денесі іздестірілуде», - деп хабарлады бейсенбіде Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Департаментте хабарланғандай, 1983 ж.т. ер адамның денесі әлі табылмаған.


Жаңалықтармен бөлісу: