Ақтөбеде соттар әкімшілігінің экс-басшысы Т12,6 млн көлеміндегі сыбайлас жемқорлық үшін бас бостандығын шектеумен құтылды

Күні: 15:14, 03-07-2019.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбеде соттар әкімшілігінің экс-басшысы Қайыргелді Женалимов Т12,6 млн көлеміндегі сыбайлас жемқорлық үшін бас бостандығын шектеумен құтылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«1 шілдеде Ақтөбе қаласы №2 сотының үкімімен Қ.Женалимовтың төрт жыл алты айға бас бостандығы шектелді. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктен сәрсенбіде.
Іс материалы бойынша Женалимов қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, «пайда табу және жеке компания өкілі үшін басымдық беру мақсатында соттың әкімшілік ғимаратының Т12,6 млн соманы құрайтын жөндеу жұмыстарын қабылдаған, ал ол шын мәнінде жүргізілмеген».


Жаңалықтармен бөлісу: