Ақтөбеде ұсталған күдіктілерден жарылғыш зат бөлшектері табылды

Алматы. 19 қараша. ҚазТАГ – Ақтөбеде ұсталған күдіктілерден жарылғыш зат бөлшектері табылды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.  
«2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс
іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

adimage