Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Ақтөбеде жалған кеден декларациясын жасағаны үшін брокер шартты түрде 5 жылға сотталды, деп хабарлады бас көлік прокуратурасының (БКП) баспасөз қызметінен.
«Ақтөбе көлік прокуратурасымен Қазақстан Республикасына кіргізілген тауарлардың кедендік рәсімделуі бойынша жүргізілген талдау барысында, мұнай құрылғылардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық ережесінің талаптарына сай 350 жалған сәйкестік декларациялар анықталды. Прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, «КВ Partnership» ЖШС-нің брокер И.Е.Бегимовтың жалған декларацияларды дайындауға қатыстылығы анықталды. Төрт мұнай компаниясына келтірілген шығын көлемі 19 млн. теңгені құрады. Ақтөбе қалалық сотының үкімімен кінәлі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін ҚК-тің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Келтірілген залал толық көлемде өтелді. Сот шешімі заңды күшіне енді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, прокуратураның қадағалау актісі бойынша «Ембі» кеден бекетінің екі лауазымды тұлғалары қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту ретінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбеде жалған кеден декларациясын жасағаны үшін брокер шартты түрде 5 жылға сотталды
