Ақтөбе. 13 тамыз. ҚазТАГ – Ақтөбеде жарты сағатта үш ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ақтөбелік жарты сағатта үш ұрлық жасап, полиция қызметкерлерінің қолына түсті», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Полицейлердің айтуынша, 6 тамызда 24 жасар Ақтөбе тұрғыны Әйтеке би көшесіндегі үйлердің бірінің жанында 35 жасар ақтөбеліктің бір қорап темекісін ашықтан-ашық қағып кеткен, сосын сол көшедегі дүкен жанынан 52 жасар ақтөбеліктің Iphone телефонын күштеп тартып алған (келтірілген шығын Т200 мыңнан астам),
«Сонымен қатар, ер адам зейнеткердің құлағындағы алтын сырғасын жұлып алмақ болған. Бірақ бұл ойы іске аспаған. 15 минуттан кейін ол Әйтеке би көшесіндегі «Берлога» кафесінің кассасынан ақша ұрлаған. Шығын Т13 мыңды құраған. Осы жерде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні ұстады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласы УАИ-ге тоғытылды», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26