Ақтөбеде жеделсатыда тележүргізушінің мерт болуына байланысты 4 жылға сотталған механиктің үкімі өзгертілді

Күні: 13:22, 28-12-2018.

Ақтөбе. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың мерт болуына байланысты 4 жылға сотталған механик Жарылқасын Ақжановтың үкімі өзгертілді, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.
«Бұған дейін аталмыш лифтіні жөндейтін «Жаңабек Сервис» ЖШС механигі Жарылқасын Ақжановты 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған болатын. Сотталушы аппеляцияға берді, нәтижесінде абақтыда жазасын өтеу шартты түрдегі жазаға ауыстырылды. Сот Ақжановтың денсаулық жағдайын ескерді, себебі ол қамауға алынғанға дейін жүрегіне ота жасатқан екен», - деп хабарлады жұма күні Ақтөбе облыстық баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, соттың баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі таңда сотталушы зардап шегуші тарапқа Т2 млн моралдық шығынды өтеген.
Еске салсақ 4 сәуірде шамамен сағат 21.00-де 28 жасар А.Әбдісамат жеделсатыға отырады.Ол жеделсатыға кірген сәтте есігі ашық қалған құрылғыда 1 және 2 қабат арасында апатты жағдай орын алып, әйел жеделсаты кабинасы мен шахтасы арасына қыстырылып қалады. Ауыр дене жарақаттарын алған ол көз жұмды. Онымен бірге 3 жасар қызы болған.
Сот тергеу амалдары барысында сотталушы Қ.Жанабеков қылмысқа қатысты кінәсін ішінара мойындап, жәбірленуші тарапқа моралды шығын төлеген. Ал механик Ж.Ақжанов кінәсін мойындаған жоқ және соттан өзін ақтап алуды сұрады.
Қ.Жанабеков пен Ж.Ақжазовқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 306 бабы 3 б. (абайсызда адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмысты атқару немесе қызмет көрсету) бойынша тексерілді.
Сот үкімімен Қ.Жанабековті 4 жылға бас бостандығынан айырып, коммерциялық ұйымдарда 5 жылға қызмет ету құқығынан айыра отырып, жазаның барлық мерзіміне апробациялық бақылау орнатылды. Ж. Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жеделсаты құрылғыларына қызмет көрсетумен қатысты қызметті атқару құқығынан айырылған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: