Ақтөбеде жетімді сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты іс тоқтатылды

Ақтөбе. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтөбеде жетімді сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«Ақтөбенің Алматы аудандық полициясы жүрізген сотқа дейінгі тергеу амалдары тараптардың ымыраға келуімен аяқталды, қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды.
Санаторийде хабарлағандай, күш қолданған тәрбиешіні, және екінші қарап тұрған бірақ ештеме істемеген тәрбиешіні де ҚР Еңбек кодексі 52 б. 14 б. бойынша жұмыстан шығарған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 4 наурызда белгілі болғандай, Ақтөбе облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезінің «Шағала санаториясында» баланы ұру ісі полицияға жолданған еді. Балалардың бірі түсірген кадрда медициналық халат киген әйелдің жылап тұрған баланы сүлгіге ұқсас затпен ұрып жатқаны байқалады. Бала қасарысқан сайын ол қаттырақ ұрады.
Агенттік тілшісіне белгілі болғандай, аталмыш оқиғадай кейін санаторийдің екі қызметкерін де жұмыстан шығарып жіберген.
Ақтөбе облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезінің «Шағала санаториясының» бас дәрігеріне балаға қатысты күш қолдану жағдайына жол бергені үшін қатаң сөгіс жарияланды.

adimage