Ақтөбеде жоғалып кеткен 5 жасар баланы 1 мыңдай волонтерлер мен полицейлер іздестіріп жатыр

Ақтөбе. 13 қазан. ҚазТАГ – Ақтөбеде жоғалып кеткен 5 жасар баланы 1 мыңдай волонтерлер, әскери қызметкерлер мен полицейлер іздестіріп жатыр, деп хабарлады Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінен.
«Хабар-ошарсыз жоғалған 2009 жылы 6 тамызда туылған Сандыбаев Темірлан іздестірілуде. 10 қазанда шамамен сағат 10-дарда анасы оны аулаға ойнауға шығарған, 15 минуттан соң артынан шыққанда ол үйдің маңайынан табылмаған», - деп ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин ҚазТАГ тілшісіне дүйсенбі күні мәлім етті.
Баланы іздестіруге 715 ІІД қызметкерлері, иісшіл иттер, студенттер арасынан 150 волонтер, 6655 әскери бөлімшенің 100 жауынгері, жасттардың «Беркут» қозғалысының белсенділері жұмылдырылды.
Волонтерлер қалада, қоғамдық көліктерде, барлық сауда орталықтарында баланы сипаттайтын 1,5 мың үнпарақтар ілді. Полицейлер де адам көп шоғырланатын орындарда жүріп мегафон арқылы осы оқиға туралы халықты хабардар етуде.

adimage