Ақтөбедегі қиыршық тас зауытының қызметкерлері 9 ай бойына жалақы алмаған

Күні: 11:32, 08-02-2019.

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – Ақтөбедегі қиыршық тас зауытының жұмысшылары 9 ай бойына жалақы алмаған, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«Ақтөбе қиыршық тас зауыты жұмысшыларына Т64 млн қарыз. Қиыршық тас зауытының 100-ден аса жұмысшысына 9 ай бойы жалақы төленбеген. Барлық жұмысшылар - Шалқар ауданының тұрғындары», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жақында олардың 10-ы облыс орталығына келіп, өз әріптестері атынан шенеуніктерге шағымданған.
«Тіпті кімнен көмек сұрарымызды білмейміз. Сотқа да жүгіндік - еш пайда жоқ. Ешкім олардан ақша өндіре алмай жүр. Заң жұмыс жасамайды, жұмыс берушілер ештемеден қорықпайды», - дейді жұмысшы Мұрат Меңайдаров.
Нақтылағандай, жұмысшыларына жалақы қарыз компания – «Жаңатас Ақтөбе» ЖШС.
Әкімдікте, белгілі болғандай, аталмыш жұмыс берушінің жалақы төлемей отырғанын білетін болып шықты. Енді шенеуніктер фирма басшылығына ықпал ету шараларын іздестіруде.
«Бүгінгі күні біз сіздердің мәселелеріңіз бойынша барынша қатал шаралар қарастырып жатырмыз. Былтыр біз оларға ескерту жасағанбыз, енді біз олармен шартты бұзатынымыз туралы хабарлама беріп жатырмыз», - деп түсіндірді жағдайды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.


Жаңалықтармен бөлісу: