Ақтөбе. 2 маусым. ҚазТАГ – «Ақтөбе хром қосылыстары» АҚ-дағы адам өлімі болған ТЖ кейін үш қызметкер ұсталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«28 мамырда Ақтөбе хром қосылыстары зауытында қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан оқиға орын алған болатын. Қорытындысында, “АХҚЗ” АҚ зауытының 4-цехының төрт қызметкері химиялық күйік пен уланудан оқиға орнында көз жұмды. Екі қызметкер Ақтөбе қаласының ЖЖА жатқызылды. (…) “Гидроксил” химиялық заты болған 50 текше сыйымдылықты тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері бұзылды. ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде күдікті ретінде учаске шебері, бөлім басшысы және № 4 цех басшысы ұсталды», - делінген хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, «барлық үш адамға күзетпен ұстау шарасы қолданылды».
«Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының ПД-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлімімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. (…) Сараптамалар тағайындалды, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, наряд беру журналдары, лауазымдық нұсқаулықтар алынды. Одан әрі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26