««Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында интернет кеңістігін мониторингтеу кезінде Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғыны өз ішкі ағзаларын сатуға талпынғаны жөнінде ақпарат алған», – делінген хабарламада.
Осыдан кейін полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.
2024 жылғы 30 сәуірде прокуратураның бастамасымен өткен арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның ішкі ағзаларын 15 млн теңгеге сатқысы келгені анықталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабы 1-бөлігі («Адамның органдарын немесе тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу не заңсыз алып қою») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото көзі: freepik.com