Ақтөбеліктер желтоқсан айындағы мерекелерде Т3 млрд астам сыйақы алған

Алматы. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбеліктер желтоқсан айындағы мерекелерде Т3 млрд астам сыйақы алған, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«Басқарма өңірдегі орта және ірі кәсіпорын қызметкерлеріне желтоқсан мерекелерінде сыйақы беруге қатысты талдау жүргізді. Жадпы 176 кәсіпорынның 37 мың қызметкері сыйақы алған. Орта есеппен бір қызметкерге Т85 мың сыйақы төленген. Жалпы алғанда қызметкерлерге Т3,1 млрд төленген», - деп хабарлады Ақтөбе облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан.
Хабарда нақтыланғандай, қызметкерлеріне сыйақы берген және 13-ші айлық төлеген компаниялар қатарында «Қазхром» ТҰК АҚ, «Ақтөбемұнайгаз» СНПС, «Қазахойл» ЖШС, «Сағыз Петролеум» ЖШС, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, «Аман Мұнай» ЖШС және басқалары бар.

adimage