Ақтөбенің экс-әкімі ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбенің экс-әкімі Ильяс Испанов ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен. 
«ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Испанов Ильяс Сапарбекұлы ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
43 жасар Испанов түрлі жылдары «Ақ - бастау» АБ Сарығаш филиалының бухгалтері, аға маманы, директордың орынбасары, Республикалық бюджеттік банктің Сарыағаш аудандық бөлімінің бастығы, «Темірбанк» ААҚ Шымкент филиалының Сарыағаш қаласының есептік-кассалық бөлімінің меңгерушісі, «Күркелес» ӨК төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін 2016-2019 жылдары Ильяс Испанов Ақтөбе әкімі болған.
Еске салсақ, 24 маусымда хабарланғандай, Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары Мавр Абдуллин Ақтөбе әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметте Абдуллин облыс орталығын 3 жыл басқарған Ильяс Испановтың орнына келген болатын.


adimage