Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Қаңтар айының басынан бері 800-дей қазақстандық бала қызылшамен ауырған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың басынан бастап қызылшаның 1114 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 799 (71,7%)», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚДСК-нен..
Ведомствода мәлімдегендей, инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректер жоқ 2767 адам егілді. Қызылшаның жағдайы туралы мәселе инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша республикалық штабтың отырыстарында тыңдалды», - делінген хабарда.
ҚДСК мәлімдегендей, ағымдағы жылы әлемнің көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық жағдайының күрделенуі тіркелді.
«Үндістанда 70 мыңнан астам жағдай тіркелді, Украинада – 38 мыңнан астам, Қытайда – 29 мыңнан астам, Малайзияда (9110), Тайландта (5461), Сербияда (5057), Пәкістанда (4447), Ресейде (4185), Мексикада (3690), Түркияда (3307), Францияда (2787), Ауғанстанда (2783), Жапонияда (1529), Қырғызстанда (1238), Англияда (910 жағдай) тіркелді. Бұл ретте, қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелді», - деді комитеттен.
Ведомство ақпарынша, қызылшамен сырқаттанудың өсуін ДДҰ қызылшаға қарсы вакцинацияның аз қамтылумен байланыстырады.
«Әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде сондай-ақ халықтың сыртқы көші-қоны (оқыту, еңбек көші-қоны, демалыс және т.б.) қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, вакцина жеткізүінің бұзылуы, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың, болуы - еліміздің халқы арасында қызылша сырқаттанушылығының өсуіне алып келді», - деп түсіндірді ҚДСК.
Қызылша - дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру.
«Қызылшаның симптомдары: Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел; Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар»,- делінген хабарда.
Едомство еске салғанда, қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
«Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар», - делінген хабарда.
Комитетте халыққа келесідей бірқатар үсыныстар берілді: ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу; қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу; катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.
Қаңтар айының басынан бері 800-дей қазақстандық бала қызылшамен ауырған
