Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ - Қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9,4%-ға қысқарды, деп хабарлады ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (СТРА) ұлттық статистика бюросынан (ҰСБ).
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың қаңтар-наурызында былтырғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда 9,4%-ға қысқарды», - деп хабарлады бюро.
Соынмен 2021 жылдың қаңтар-наурызында сыртқы сауда айналымы $19,7 млрд. құрады, соның ішінде экспорт – $11,5 млрд (- 19,7%) және импорт – $8,2 млрд (+10,5%).
ЕАЭО елдерімен экспорты $1,5 млрд немесе 2020 жылдың қаңтар-наурызына + 16,8% құрады, импорт – $3,7 млрд, немесе +11,8%, деп нақтылады статистика мамандары.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26