Қаңтар-сәуір айы аралығында Қазақстанда Т12 трлн астам сомаға операция жүргізілген

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Қаңтар-сәуір айы аралығында Қазақстанда Т12 трлн астам сомаға операция жүргізілген, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығында төлем карточкаларын ұстаушылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сомасы бойынша 53%-ға, ал саны бойынша 72%-ға артық, 12,3 трлн теңге сомасына 714,6 млн операция жүргізген», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық банк нақтылағандай, қолма-қол ақшасыз жүргізілген операциялардың жалпы көрсеткіштегі бөлігі 2019 жылдың осындай кезеңіндегі 39%-дан 62%-ға дейін ұлғайған.

adimage