Қаңтар-сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы – инфляция деңгейінен төмен болды

Алматы. 23 мамыр. ҚазТАГ - Қаңтар-сәуірде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» (БЖЗҚ) АҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 1,62% құрады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«Зейнетақы жинақтарының табыстылығы өткен 4 ай ішінде 1,62 пайыз болды. Бұл осы кезеңде 1,8 пайызды көрсеткен инфляциямен деңгейлес», - делінген жұмада таратылған БЖЗҚ баспасөз парақшасында.
Жалпы табыстылық көрсеткішін ұзақ мерзімді кезеңде қарастырған жөн.
«Бұл ретте соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 10,7 пайызды құраса, бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,9 пайызды көрсетті», - деп еске салды БЖЗҚ.
Жыл басынан бері салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 154,9 млрд теңгеге жетті.

adimage