Қаңтар-шілдеде ЕАЭО-дағы жүк тасымалының көлемі азайды

Алматы. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Еуразия экономикалық одағындағы жүк тасымалының көлемі қаңтар-шілдеде төмендеді, деп хабарлады Еуразия экономикалық комиссиясынан (ЕЭК).
«2021 жылдың қаңтар-шілдесінде ЕАЭО жүк тасымалының көлемі 6,7 млрд тоннfyы құрап, 2020 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді», - делінген ЕЭК хабарында.
Ақпарға сәйкес, 6,7 млрд. тона жүктің 4,6 млрд тоннасы жүк көлігімен тасымалданған.
Жолаушыларды тасымалдау көлемі 10 млрд адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдедегіден 7,7% төмен. Бұл жерде де автокөлік көш бастап тұр – 8,9 млн адам.

adimage