Қаңтар-тамызда Атырау МӨЗ 3,5 млн тоннадан астам мұнайды қайта өңдеді

Күні: 15:09, 06-09-2018.

Алматы. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында Атырау мұнай-өңдеуші зауыты (МӨЗ) 3,5 млн тоннадан астам мұнайды қайта өңдеді, деп хабарлады «АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінен.  
«Атырау мұнай өңдеуші зауыты 2018 жылдың 8 айында 3 502 907 тонна  мұнайды қайта өңдеді.   (…) Бұл ретте тамызда энергия министрлігінің 457 254 тоннаға жасаған жоспары барысында 457 936 тонна шикізат қайта өңделді», - делінген таратылған хабарда.  
Хабарда нақтыланғандай, ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі жалпы қайта өңделген шикізат көлемінен тамыз айында «70,1% жоспары барысында нақты 70,7% құрады».
Бұл ретте атап өтілгендей, ҚР энергетика министрлігінің АМӨЗ-дағы мұнайды қайта өңдеу бойынша жоспары толық орындалған.  


Жаңалықтармен бөлісу: