Ақтау қаласының мерекесін қалалықтар жағажайда атап өтеді

Ақтау. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтаудың 52 жылдығына арналған негізгі шаралар 19-20 қыркүйекте қаланың 15 ықшамауданындағы жағажайда өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Бағдарламада спорттық және мәдени шаралар жоспарланған. Мереке қаланың негізін қалаған кәсіпорын –Каспий маңы тау-металлургиялық комбинатының бірінші директоры Рубен Григорянның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталады.

«Қала күніне арналған негізгі мәдени және спорттық-бұқаралық шаралар 15 ықшамаудандағы жағажайда өтеді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.

Сонымен қатар белсенді спорт жанкүйерлері стритболдан, гір спортынан, қанат тартудан, армреслинг және дартстан турнирлерге қатысады, ал интеллектуалдар -  шахмат пен шашкадан ашық турнирде бақтарын сынайды.

Оған қоса қолданбалы шығармашылық бұйымдарының көрмесі, ал «Өнер» галереясында жас суретшілердің көрмесі болады.  

Мереке 19 қыркүйекте рухани оркестердің, балалар шығармашылық ұжымының, «Ақтау-сүйікті қалам!» театрландырылған шоу-концертінің концертімен аяқталады.  

adimage