Ақтау әкімінің экс-орынбасары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ақтау. 29 қазан. ҚазТАГ – Гүлмира Қалмұратова Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қалмұратова 2020 жылдың қаңтарынан бастап Маңығстау облысы кәсіпкерлер палатасы экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасарының қызметін атқарған, оған дейін 2017-2019 жылдар аралығында Ақтау әкімінің орынбасары болған, 2007 - 2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған.

adimage