Ақтау мен қытайдың Жичжао туризм саласында ынтымақтаспақшы

Күні: 16:36, 24-10-2014.

Ақтау. 24 қазан. ҚазТАГ – Қытайдың Жичжао қаласының делегациясы экономикалық және мәдени байланыстарды ретке келтіру үшін Ақтауға келді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Қала әкімшілігшіндегі кездесуде тараптар ынтымақтастық мәселесін талқылады.
«Жичжаоға жыл сайын 300 мың турист келеді.  Біздің қалаларымыз туристік салада, сондай-ақ экономикалық, білім, ғылым және мәдениет саласында ынтымақтастықты қалыпқа келтіре алар еді. Біз сіздермен осы туралы тиісті құжаттарға қол қоюға дайынбыз», - деді Жичжаоның халық конгресінің тұрақты комитетінің басшысы Ян Цзюнь Ақтауда өткен бейсенбіде өткен кездесуінде.
Оның айтуынша, ынтымақтастық тұрғысынан автоиндустрия мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау жақсы даму тапты. Экономикалық тұрғыдан тиімдісі, қытайлықтардың айтуынша, Алашаңқай арқылы өтетін темір жол, сондай-ақ Сары теңіз арқылы теңіз жолы болып табылады.
Қытайлық қонақтар Ақтау теңіз портының жұмысымен танысты, оларды осы порттың кеңейтілу жобасы қызықтырды. Ақтау қала әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов біздің порттық қалаларымыз жақсы дамыған, ол өзара тиімді алмасуға септігін тигізеді деп атап өтті.
Кездесу қорытындысында қытайлық делегация Ақтау әкімшілігінің қызметкерлерін Жичжаоға келіп кетуге шақырды.  


Жаңалықтармен бөлісу: