Ақтау мен Жаңаөзенде оқушылар сарайының құрылысы 2015 жылы басталады

Ақтау. 21 қазан. ҚазТАГ - Ақтау мен Жаңаөзенде оқушылар сарайының құрылысы 2015 жылы басталады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Ақтау мен Жаңаөзенде оқушылар сарайының құрылысы 2015 жылы басталады. Өңірде балаларды қосымша біліммен қамту бүгінге жалпы мектеп жасындағы балалардың 69%-ын құрайды», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ильмуханбетова.

Хабарда айтылғандай, 2014 жылдан  бастап ең үздік мектептердің тәжірибе-жобасы іске қосылды. Оның базасында оқушыларды қорытынды аттестаттауға және оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындайтын әдістемелік алаңдар ұйымдастырылды. Әкім орынбасарының айтуынша, былтырғы оқу жылынан бастап Қаспий мемлекеттік университетімен жоғарғы сынып оқушылары үшін дамытушы,  ата-аналар мен бітіруші түлектер үшін келешек мамандықты таңдау жөнінде консультациялар өткізіп отыру бойынша жұмыстар күшейтілді.

«Облыста дарынды балалардың мәліметтер базасы жасалды. Олар пәндік олимпиада, конкурстар, жарыстар, интеллектуалдық турнирлер жеңімпаздары. Жыл сайын жүлдегерлер саны артып келеді, (...) және бүгіндері біздің облысымыз жалпыкомандалық есепте көшбасындағы үштікте», - деді ол.

Ш.Ильмуханбетова облыстағы мектептерде 9 мыңдай педагог қызмет атқарғанымен тағы 90 мұғалімге деген сұраныс барын атап кетті.  

Ш.Ильмуханбетованың айтуынша, ол проблема «Дипломмен - ауылға!» жобасы есебінен шешілуде. Одан басқа, жыл сайын облыс әкімінің гранттары бөлініп тұрады, және оның есебінен ауыл жастары жергілікті қаражатқа ЖОО-ларда оқиды. Қазіргі күнге Маңғыстау облысында 140 жалпы білім беру  мектебі жұмыс жасайды, оларда 108 мың оқушы сабақ оқиды. Ағымдағы жылы өңірлік 13 мектеп оқу жетістіктерін сырттай бағалауға қатысты. Облыс бойынша жалпы орташа балл 39,58 немесе төрт пәннен тестілерді орындау көрсеткіші - 50%.

adimage