Ақтау. 23 қазан. ҚазТАГ – Ақтауда «Метеп терезесі» жүйесі енгізіліп жатыр, ол ата-аналарға балаларының мектепке барған-бармағанына бақылу жасап отыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ата-аналар өздері қызметін көріп жүрген мобилдік операторлармен келісімшартқа отыра алады, сол арқылы ата-аналары балаларының мектепке қаншада келгенін, немесе келмей қалғаны туралы хабар алып отырады», - деді №12 мектеп директоры Гүлмира Нұрғалиева бейсенбі күні.
«Қазір біз ата-аналармен жұмыс жасаудамыз, әсіресе балалары сабақты көп жіберетін ата-аналармен», - деді ол.
Гүлмира Нұрғалиеваның айтуынша, аталған жаңалық Ақтау мектептеріне енгізіліп жатқан қауіпсіздік жүйесімен тікелей байланысты. Мысалы, қаладағы бес мектепте - №№ 10, 11, 12, 17 және 21 – ші мектепте турникеттер орнатылып, оқушыларға атаулы карточкалар берілген.
«Әр карточкада штрих-коды бар және ол әр оқушыға жеке беріледі. Мектеп күзетшісі барлық турникеттерді түсіріп, еркін өткізуді қамтамасыз етулері керек. Таңертең және түскісін 800 оқушы мектепке келгенде біз әзірге, оқушылар еркін өтулері үшін, турникетті толығымен түсіріп қоймақшымыз, ал мектептен шығарда оқушы қаншада кеткені және оның сабақта болған болмағаны белгілі болады», - деп түсіндірді Г. Нұрғалиева.
«Біз осы жүйеге ризамыз. Бірінші кезекте, ол қауіпсіз. Бөгде оқушылар мектепке кіре алмайды. Барлығы тіркеліп, есеп беріліп отырады», - деп атап көрсетті Г. Нұрғалиева.
Оның айтуынша, мектепте 1790 оқушы және 137 қызметкер бар.
Биометрикалық турникеттер орнату бағдарламасы қалалық білім басқармасында былтырғы қыркүйек айынан бері енгізілуде. Қауіпсіздіктің жаңа жүйесіне бюджеттен Т27 млн қаражат бөлінген. 2015 жылы бұл жүйе Ақтаудың басқа мектептерінде де енгізіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03