Ақтау сүт өнідірушілері айран мен қаймағын Ресейге жеткізбекші

Ақтау. 16 тамыз. ҚазТАГ – Ақтаудағы қышқыл сүт өнімдерін шығаратын зауыттың біреуі Батыс Қазақстан мен Ресей нарығына шығуға дайындалуда, деп мәлім етті Маңғыстау облысының «Даму» қорының өңірлік филиалының директоры Берік Нұрғалиев.
«Зауыт Маңғыстау облысының өңдеу өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасына қатысушы болып табылады... Бағдарлама 10 жылдық мерзімге 6%-бен кредит алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп кәсіпкер өнімнің өзіндік құнын төмендетеді», - деді Б. Нұрғалиев.
Зауыт басшылығының мәліметтерінше, кредиттеу және кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсету арқасында биыл зауыт шығаратын өнімдер түрлерін 40-қа жеткізді.
«Жаңа өндіріс – «Таң» ішімдігін шығару жеоісі іске қосылды. Сұйық және қою өнімдерді құятын автоматтанджырылған жабдық сатып алынды. Енді өнімді автоматтандырылған желі шығарады. Ол өнімге бактериялардың түсіп кетпеу қаупін төмендетіп, жұмысты жеңілдетіп, сату көлемін арттыруға мүмкіндік береді», - деді «Ақ нек» сүт зауытының директоры Асхатжан Ыбырай.
Оның айтуынша, зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 15 тонна сүт өнімін шығара алады. Өндіріске қажет шикізат – құрғақ сүт – Беларусиядан сатып алынады.
Тауарларды Маңғыстау облысынан тыс жерге шығару жақын аралыққа көзделген.  

adimage