Ақтау тұрғындары қызу түсіретін дәрі үшін дәріханаларда күні-түні кезекте тұр (видео, фото)

Ақтау. 7 шілде. ҚазТАГ - Ақтау тұрғындары қызу түсіретін дәрі үшін дәріханаларда күні-түні кезекте тұр (видео, фото), деп хабарлады lada.kz.
«Ақтау тұрғындары күні-түні дәріханаларда кезекте тұр. Тұрғындар қабынуға қарсы, вирусқа қарсы және қызуды түсіретін медициналық дәрі-дірмектерді сатып алуда. «Парацетамол» дәрісін сатып алу үшін қала тұрғындары сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. (…) Куәгерлер Ақтаудағы орталық дәріханаларда кезекте тұрған адамдардың суретін жіберуде», - делінген хабарда.
Адамдардың айтуынша, олар дене қызуын түсіретін дәрілерді сатып алу үшін келген.
«Дәрігер «Тетрамицин», аскорбин қышқылы, хлорлы натрий, «Амбробене» және шприц алу керек деді. (…) Екі сағат болды тұрғаныма», - деді кезекте тұрғандардың бірі.

  Хабарда атап өтілгендей, журналистің 5 ықшамаудандағы №9 үйде орналасқан дәріханада «Парацетамол» бар ма деген сұрағына теріс жауап алынды.
Маңғыстау облысындағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (ТҚСҚБД) басшысының орынбасары Ринат Құбатаев 7 шілдеден бастап Ақтау дәріханаларына дәрілердің жеткізілетінін айтты.
«Маңғыстау облысында төрт ірі фармацевтикалық компаниялардың қоймалары бар. Олар дәрілерге орталық фирмаларға тапсырыс береді. Соңғы кезде дәрілердің жетіспеушілігіне олардың кінәсі жоқ, себебі мұндай проблема орталық фирмаларда да бар», - деп атап өтті ТҚСҚБД басшысының орынбасары.
Оның айтуынша, 6 шілдеде дәрілер «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС, «Медсервис Плюс» ЖШС филиалына, «Инкар-Ақтау» ЖШС ақтаулық филиалдарына жеткізілді. Филиалдардың әрқайсысына көлемі 90 текше м. жүк көлігімен жеткізілген.
«Енді қойма қызметкерлері сол дәрілерді қабылдап, арнайы бағдарламаға тіркеуі тиіс. Ары қарай дәріханаларға жеткізіледі. Бұл процеске бір күн кетеді. Азаматтардың дәрілерге қолжетімділігін арттыру үшін түскен дәрілер ертең облыстық дәріханаларға бөлінеді. Күтіліп отырғандай, дәрілер тиелген тағы бір жүк көлігі 10 шілдеде «Медсервис Плюс» ЖШС филиалына жеткізіледі. Апта соңына дейін дәріханалар қажетті дәрілермен қамтамасыз етіледі. «АДА Фарм-Актау» ЖШС дәрілерді өз желісіндегі дәріханаларға таратуда. Облыста бұл компанияның 22 дәріханасы бар», - деп түсіндірді Құбатаев.

adimage