Алматы. 11 қаңтар. ҚазТАГ – «ATM Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Limited» ЖШС Ақтау қаласы халықаралық әуежайы жолаушылар терминалы ғимаратында қоғамдық тамақтану орындарын жалға беруге монополиялық жоғары баға белгілегені үішн әкімшілік ажуапқа тартылды, деп хабарлады қазақстанның ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу, бәсекелестік және тұтынушылар құқығын қорғау министрлігі комитетінің баспасөз қызметінен.
«Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен «ATM Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Limited» ЖШС-не (бұдан әрі - Серіктестік) қатысты ҚР ӘҚБТ Кодексінің 159 бабының 3 тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысына сәйкес Серіктестікке ҚР ӘҚБТ Кодексі 159 бабы, 3 тармағы (үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану, оның ішінде монополиялық жоғары немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру) бойынша 1 663 800 тг көлемінде айыппұл салынып, монополистік қызмет барысында тапқан пайданы, яғни монополиялық кірісі 15 621 313 тг көлемінде есептеліп мемлекет кірісіне тәркіленді», - делінген хабарда.
Сотпен, Ақтау қаласы тұрғыны арызы негізінде, Ақтау қаласы халықаралық әуежайы жолаушылар терминалы ғимаратында қоғамдық тамақтану орындарын жалға беру қызметі бойынша, Серіктестікпен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау заңнамасын сақтау саласында, атап айтқанда үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану, оның ішінде монополиялық жоғары немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру белгілерінің болуына байланысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізілді. .
«Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57