Ақтау әуежайында арнайы қызмет террорға қарсы оқу-жаттығу өткізді

Күні: 10:16, 01-11-2019.

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Ақтау әуежайында арнайы қызмет террорға қарсы оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 29 қазанда Маңғыстаудың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Ақтау қ. халықаралық әуежайы аумағында террорға қарсы оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу мақсаты қатыстырылатын күштер мен құралдардың (мемлекеттік органдар, ұйымдар және т.б.) террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою, оларды анықтап, жолын кесу, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу деңгейін арттыру бойынша өзара іс-қимыл деңгейін арттыру болып табылды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде атап өткендей, «оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды».
«Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті», - деді ҰҚК-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: