Ақтау жағалауында жасанды пальмалар орнату жоспарлануда

Күні: 10:32, 19-02-2019.

Ақтау. 19 ақпан. ҚазТАГ – Ақтау жағалауына жүз жасанды пальма орнату жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жасанды пальмалар жағалау жиегінде 14 ықшамаудандағы полиция бекетінен 15 ықшам аудандағы жаңа жағалауға дейін орнатылатын болады. Сәндік өсімдіктер бір жарым шақырымға орнатылады», - деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.
Оның айтуынша, пальмаларды әр 15 м сайын орнату жоспарлануда. Пальманың биіктігі 11 м құрайды. Пальмаларды орнату жұмыстарын «Нұрсәт» ЖШС атқарады.
«Жасанды пальмалар NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясының қала жағалауын абаттандыру бойынша инвестициялық жобасы аясында компанияның өз қаржысы есебінен орнатылады. Жұмыстарды осы жылдың маусымында аяқтау жоспарлануда», - деді Қ. Ақыбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: