Ақтау жылу маусымына дайын

Ақтау. 5 қазан. ҚазТАГ -  Ақтау жылу маусымына дайын, деп мәлім етті Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі Сапар Аманбеков.
Жаңа жылу маусымының басына, С. Аманбекованың айтуынша, барлық әлеуметтік нысандар, тұрғын үй қоры және жылу энергиясы мен суды тасымалдаумен айналысатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, сондай-ақ газ тасымалдау компаниялары дайын. Биыл жылу маусымын 15 қазанда бастау жоспарлануда.  
«Қазатомөнеркәсіп-МАЭК» ЖШС жылу маусымына толығымен дайын. Қалалық желілерге «Қазатомөнеркәсіп-МАЭК» ЖШС мен «Каспий жылу, су арнасы» МКК соңғы рет қысыммен сынау жүргізілді. «МАЭК» жылу желілері жоғарғы қысыммен жүргізілген сынақты өтті, сондықтан МАЭК-тің барлық желілері (құбырлары да, «ЖЭС-1» жылутехникалық жабдықтары) қысқы-күзгі маусымдағы жұмыстарына дайын. «Каспий жылу, су арнасы» желілерінде аздаған құбыр жарылулар болды, бірақ қазір ол жөнделуде. Қалалық әкімшілік жылу беру маусымы туралы шешім қабылдасымен, «МАЭК» қалаға жылу меруге кірісуге дайын», - деді өз кезегінде  «Қазатомөнеркәсіп-МАЭК» ЖШС-тің маркетингі және сату департаментінің директоры Виктор Пересада.
Өңірде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесімен екі қала – Ақтау мен Жаңаөзен қамтамасыз етілген. Өткен жылу маусымында екі елді мекенде де прооблемалар орын алды. Мұнайшылар қаласында, С. Аманбекованың айтуынша, жылумен қамтамасыз ету жүйесі өте нашар жағдайда болған. Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасы бойынша ол жетілдірілген болатын.
«Қазір Жаңаөзенде құбырлар толығымен жаңа технологиялардың қолданылуымен алдын ала шірімейтін етіп оралған құбырлармен алмастырылды, жылумен қамтамасыз ету жүйесі төрт құбырлы түріне алмастырылды, сол себепті қала жылуды үздіксіз алып отырадыы және жергілікті атқару органдары су, электр энергиясы мен газ сынды ресурстарды үнемдей алды. Жаңаөзенде жылумен қамтамасыз етудің жалғыз көзі аудандық орталық қазандық болатын, біз оны қайта жөндеуден өткізіп, кеңейтіп, шағын ЖЭС-ке алмастырылды. Қазір толығымен құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.  Энергетикалық қазандықтар тексерілген және іске қосылған, турбинаны ретке келтіру жүріп жатыр. Жаңаөзенде біз аталған ЖЭС-ті 10 қазанда іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады С. Аманбеков.
Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп-МАЭК» ЖШС-тен жаңа ықшамаудандарға дейін жаңа жылу желілері тартылған. Осылайша, жылумен қамтамасыз ету мәселелір 27-29 және 29А ықшамаудандарында толығымен шешілген.
«Былтырдан бері біз бүкіл қаладағы жылу беру жүйесін ретке келтіруді бастадық, жұмыс одан ары жалғасуда. Былтыр жылуға қатысты 14, 27 және 28-ші ықшамауданда жылу проблемалары болған. Біз МАЭК-тен жаңа жылу желісін іске қостық та осы проблеманы шешітік. 14-ші ықшамауданда да жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа жылу желілері салынды, сондықтан биыл барлығы қалыпты болуы керек», - деді С. Аманбеков.
Аудандағы басқа да елді мекендер, ТКШ және энергетика басқармасының жетекшісі мәлім еткендей, жылу маусымына толығымен дайын. Облыс толығымен 100% газбен қамтамасыз етілген. Биыл аудандық ауруханалар мен мектептерде электр энергиясының резервтік көздерін дайындау үшін бюджеттен Т100 млн бөлінген.
«Ауылдардағы әлеуметтік нысандарды біз әлі тексереміз. Барлық қазандықтар дайындалған. Резервтік қуат көздерін дайындаудамыз. Ол, егер қыста қандай да өшулер орын алса, қазандықтар мен әлеуметтік нысандар үзіліссіз жұмыс жасай алу үшін керек», - деді С. Аманбеков.

adimage