Ақтауда 7 жасар баланы көлік қақты

Күні: 16:37, 22-10-2018.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Ақтауда 7 жасар баланы көлік қақты, деп хабарлады Inaktau.
«ЖКО 19 қазанда орын алған. ЖКО орнына келген дәрігерлер зардап шегушіні құтқара алмаған. Олар барған кезде бала өліп кеткен», - делінген жедел-жәрдем медициналық көмек көрсету станциясының хабарында.
Куәгерлердің айтуынша, баланы 33 ықшамаудандағы 19 үйдің ауласында мектептен қайтып келе жатқанда қаққан.  
«Жүргізуші ықшамаудан ішінде бекітілген жылдамдық режимін бұзған», - деді ЖКО куәгерлері.  


Жаңалықтармен бөлісу: