Ақтауда АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған екі донор анықталды

Күні: 16:34, 28-10-2014.

Ақтау. 28 қазан. ҚАзТАГ – Ақтаулық донорлардың арасында 2014 жыл басынан  бері АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған екі донор анықталды, деп мәлім етті облыстық ЖҚТБ орталығының директоры м.а. Ақнұр Тасболатова.
«Донорлар - ер адам мен әйел, облыс орталығының тұрғындары, АҚТҚ вирусын жыныстық жолмен жұқтырған. Олардағы инфекция облыс орталығында тапсырылған донорлық қан құрамын АҚТҚ-ға қарсы антител бар-жоқтығына тексеру барысында анықталды», - деді сейсенбі күні А. Тасболатыова.
Оның айтуынша, қан орталығында анықталған АҚТҚ вирусын ЖҚТБ орталығы да растапты.
«Инфекция жұқтырғандар диспансерлік есепке алынды, оларға өмір бойына донорлық қан тапсыруға тыйым салынды. Донорлық қан жойылды», - деді А. Тасболатыова.
2003 жылы Маңғыстауда донорлық қан тапсыру кезінде АҚТҚ жұқтырғандардың 6 оқиғасы анықталды. Барлық донорлар инфекцияны жыныстық жолмен жұқтырған


Жаңалықтармен бөлісу: