Ақтауда ағымдағы жылы 7,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Ақтау. 7 тамыз. ҚазТАГ  Ақтауда ағымдағы жылы 7,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда , деп хабарлады қала әкімі Серікбай Трумов.  
«2015 жылы 7500 мңынан кем емес жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері экономиканың түрлі салаларында 3810 жұмыс орны ашылды, қоғамдық жұмыстарға 360 адам жіберілді. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 114,2 млн теңге бөлінді», - деді С.Трумов жұма күні.  
Оның айтуынша қалада жұмыссыздар саны 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көбейіп, 1166 адамды құраған. Дегенмен, бұл, әкімнің айтуынша, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін жұмыссыз  азаматтардың тіркелуімен байланысты.  
«Еңбек нарығында тұрақтылықты қалыптастыру үшін жұмыссыздарды қала кәсіпорындары мен мекемелеріне жұмысқа ораналастыруға квота белгілеу қажет. Меморгандар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға аса көңіл бөлулері керек», -деп атап өтті  С. Трумов.
Сондай-ақ қала әкімі азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары жасалғанын айтты.  Күн сайын қаладағы үш базар мен 16 супермаркеттегі азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіліп отырады.  Оған қоса Ақтаудағы  сауда кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызға ие азық-түлік өнімдері  бағасының ҚР үкіметі бекіткен шекті бағадан асып кетуін болдырмау туралы меморандумға қол қойылған.

adimage