Ақтауда ата-аналар жасырын түрде мектептердегі жемқорлық деректері туралы хабар бере алады

Ақтау. 21 тамыз. ҚазТАГ – Мектептердегі алым-салымдар туралы ата-аналар сенім телефоны арқылы Маңғыстау облыстық білім басқармасына хабарлай алады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Заң бойынша мектептерде кез келген алым-салымдарға тыйым салынған. Мектепке  ағымдағы және күрделі жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінеді. Оның ішінде терезе перделері, музыкалық аспаптар мен сплит-жүйелер де бар... Сондықтан мектептерде ешқандай қосымша алымдар болмауы керек», - деді басқарма бастығы Зейнеп Тастемірова.
«Бізде облысымызда барлық білім басқармаларында сенім телефондары бар, оларға мектептердегі жетмқорлық деректері туралы хабар беруге болады», - деді ол.  
Облыс білім басқармасының бастығы атап көрсеткендей, сенім телефонына қоңырау шалған ата-аналардың кім екені жасырын болатынына кепілдік беріледі.
Ақтаудағы сенім телефоны: 31-86-33.

adimage