Ақтауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай флешмоб өтті

Ақтау. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  

«Биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Ақтау да шарадан тыс қалған жоқ. Біздің басты мақсатымыз – тарихымызды насихаттау және оған құрмет көрсету. Әсіресе тарих құндылығын жастарға жеткізу маңызды», - деді «Елтану KZ» қоғамдық қорының директоры Бекболат Төлегенұлы.

Ұлттық киім киген қыздар қазақ биін билесе, жігіттер Қазақстан туын ұстады.  

Сондай-ақ сауда орталықтарына келушілерге қазақ салты бойынша дәстүрлі шашу шашылып, барлығына бауырсақтан дәм татқызды. Қазақ хандығының құрылуы туралы қызықты мәліметтер жазылған ақпараттық кітапшалар таратылды.  Тарих білгірлері викторинаға қатысып, дұрыс жауаптары үшін сыйлықтар алды. Флешмобтың өтуіне «Қызғалдақ» би тобының қыздары мен маңғыстаулық «Ақ Жол» жастар қанатының жігіттері ерекше ат салысты

adimage