Ақтау. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша бағдарламаны» жүзеге асыруға Ақтау бюджетінен Т3 млн бөлінді, деп хабарлады қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы Жанна Тоқбаева.
Осы сомаға Қазақстанның алты ауыл шаруашылық өндірушілеріне алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік сатып алынды. Ақтаудың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алғашқы қажеттіліктегі азық-түлікті жеткізуге шарт жасалды: ол бірінші сұрыпты ұн, макарон өнімдері, қант, көкөніс, күріш және шемішкі май. Азық-түліктер «Каспий Берекет» ЖШС 22 дүкенінде сатылады.
«Ақтауда азық-түлік өнімдерінің 85%-ы басқа облыс пен елдерден әкелінеді. Күріш пен макарон өнімдері Ресейден, Белоруссия мен Украинадан, жеміс-жидектар Ираннан, Пәкістаннан, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Әзірбайжаннан, Ресейден, Павлодардан, Қостанай мен Солтүсік Қазақстан облыстарынан жеткізіледі. Біздің өңірде жылыжай, шаруа қожалықтары, астық терминалы мен сүт зауыттары бар, олар өңірді азық-түлік өнімдерімен қаматамсыз етеді, алайда ол да жеткіліксіз. Ақтауға инвесторларды тарту үшін заманауи көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуда, ол қаланы қыс мезгілінде жаңа піскен көкөніс, жемістермен қамтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ж.Тоқбаева.
Оның айтуынша, нан бағасын тұрақтандыру үшін қалалық әкімдік қаладағы супермаркеттермен бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын Т50 қымбат қылмай сату туралы шартқа отырды. Ал бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның басқа түрлерінің бағасы Ақтауда Т55 қымбат емес, деп атап өтті спикер.
«Бейнеудегі астық терминалы бірінші сұрыпты ұнның килограмын 54 теңгеден сатып жатыр. Қаладағы жеті нан-бөлке зауыттары мен наубайханаларына 3 328 тонна ұнға тапсырыс берілді. Қаладағы үш базар бен 26 супермаркетте әкімдік қызметкерлері күн сайын баға мониторингін өткізеді. Әр демалыс сайын «Ынтымақ» алаңында азық-түлік жәрмеңкелері өтеді, ол жерде азық-түлік өнімдері базардағыдан төмен бағамен сатып алуға болады», - деді Ж.Тоқбаева.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42